Қолөнер — ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр десекте болады. Ежелден қыздар қолөнерге жастайынан бейім болған.

Жіптен жасалған шармен үй-ішін сәндеуге болады.

Кейде  үйден тоқымадан қалған кішігірім жіп орамалары қалып қояды.Тағы бір бұйым тоқуға аздық еткендіктен жәшікте жата беретін кездер болады.Бұл кеңес барлық қыздарға қажет болады деген ойдамын.

Жұмысты түрлі жіп орамалары мен қайшы дайындап алып мына үш қадамнан бастауыңызға болады.

1.Қатты қағаздан ортасына саңылау жасап екеуін біріктіресіз де арасына байлайтын жіп өткізесіз.

2.Жіпті шеңбе бойымен тығыздап шығасыз.

3.Шеңбердің жиегінен қайшымен екіге бөліп қырқып шығасыз.


Әрі қарай есебін тауып ескі жастықтың түсі оңа бастаған төсеніштің  тіпті ескі орындықтың арқалығын сәндей бересіз.Шарлардың үлкен кішілігі сіздің қырқып дайындап алған қағаз шеңбердің көлеміне байланысты.

Массажды жастықшалар жасағыңыз келсе  кәдімгі кішігірім  жұмсақ жастықтың сыртына осындай түрлі түсті шарларды тігіп шығасыз.

Ескі сөмкенің сыртын да сәндей аласыз.Алда күз және қыс мезгілі болғандықтан мұндай сөмкелер қазіргі заманда сәнде.

Сонымен қатар жұмсақ төсегіште үйге сән береді.Жұмсақтығы да жанға   жайлы.

Сәнді аяқкиімнің әшекейі түсіп қалғанда  жылтырақ қосылған  жіптен шар  жасап  өзіңіз жасап ала аласыз.

Ең қызықтысы-жұмсақ т мойын орағыш жасау.Арасын тоқылған  жіптермен байланыстыра отырып  сәнді мойын орағыш жасаңыз.Оны ешкімнің дүкенінен таппасын анық.

загрузка...