Қарттарым аман сау жүрші... Бұл жазба не туралы деп ойлаған шығарсыз?!  Бұл мақала біздің ата — әжелеріміз туралы. Нақтырақ айтсам, қараусыз қалып, қарттар үйіне тапсырылған ақ шашты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз туралы.

қарттар


Осы дүниеге келгеннен бастап бізді сүйген, бізді баққан, бізге бар мейірімін төккен жандардың қазіргі уаққытта қараусыз қалуы жанға қаяу түсіреді. Солар туғанын тас жүрек ұл мен без бүрек қыз болар деп ойлап пе еді. Қаламыздың қай түбінде болсын ақ жаулықты апаларымыздың садақа сұрап отырғаның жеке басым талай рет көрдім. Сол бейнені қанша көрсем, жүрегім сонша рет қан жылайды. Кішкентай кезіннен мәпелеп өсірген жанға үйімізден бір бұрыш табылмау деген не сұмдық? Аяғын жылы суға малмасанда, түзу ниетпен қарау біздің міндетіміз емес па?  Алла Тағаланың жіберген Құран Кәрім кітабында ата-анаға қарсы келмеу, құрметтеу, аялау туралы айтылған көп аяттар бар. Және Алла Тағаланың Ұлы елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) қасиетті хадистерінде ата-анаға тек жақсылық жасау жөнінде молынан ескертілген. Ал, біздің жасап жатқан харекетіміз қандай?Дүние алма кезек, қазір не ексек уақыт өте соны орамыз. Ойланайық халайық! Біз, жастар қазіргі кезде мемлкетеміздің болашағымыз! Бірақ, уақыт өтер, жылдар кетер бізде қартайамыз...

 

загрузка...