Ықылық ату-диафрагмалық  жүйке   талшығының  тітіркену салдарынан болады   және   біразға дейін  жалғасуы мүмкін.

Ықылықтың  негізгі басты себептері:

Ішек қарын  жолы аурулары,орталық  жүйке  жүйесі аурулары,суық  тию,стресс,психоэмоционалды   қозу,ішімдік  ішу.  т.б.

Көбіне  адамдар  көп  тамақ  жеген соң  ықылықтай бастайды.Ол  жоғарыда айтқан  жағдайлардан  болады.Ықылық атудың көп   таралған  себептерінің   бірі-суық   тию.Температураның  төмендеуінен  әсіресе    кішкентай балалар  сезгіш  келеді.Ықылық   басталғанда осыны да ұмытпаған  жөн.Ықылық  атуда  қандай да бір  мүшенің  тартуы сияқты түсінуге  болады.Ықылық  ұзаққа  жалғасқанда не  істеу керек?

ықылық


Ықылық  жиі  және  ұзақ уақыт кетпей адамды мезі етіп  жібергенде ғана  дәрілік  препараттар  қолдануға  болады.Вқылықты басу үшін  диафрагмалық жүйкенің тонусын қалыпқа келтіру керек.Ол үщін  бас  ми  қабығындағы қозуды басатын седативті құралдар пайдаланылады.Халық арасында  деміңді  толық  тартып   яғни  ішке  қарай  тартып   қайта  шыққанша  тез  бірденелерді   айту   керек  деген  тәсіл   кең  тараған.Бұл  ең оңай  жолы.Ықылықты тез  басуға  қалақай мен  жалбыздың   қайнатпасы көмектеседі.Ол  үшін  екі үлкен  қалақай мен  жалбызды екі жүз  мл қайнаған  суға  қосып аз отта  қайнатыңыз.Қайнаған  соң қайнатпаны сүзіп  алып   суытыңыз.Ықылық  басталғанда аз аздан ішіңіз.

загрузка...