Шет тілін үйрену бізге жаңа мүмкіндіктер алып келетіні білгілі. Әлемде 6000-нан аса тіл бар. Кейбір тілдер өте маңызды болса кейбір шет тілдерінің аса көп маңызы жоқ. Неге? Себебі қай тілде әлемдегі адамдар көп сөйлесе сол тілдің маңызы зор болады. Сол тіл аса көп қолданысқа ие болады. Бұл фин тілінің финдіктерге немесе түрік тілінің түріктерге маңызы жоқ деген сөз емес. Әр ұлт үшін өз тілі қашанда алғашқы орында. Тек бұл тілдердің әлемдік деңгейде аз қолданылады.
шет тілін үйрену
Енді келесі жағынан қарасақ қытай тілінде миллиардтан аса адам сөйлейді. Сонымен бірге жапон, корея және въетнам сөздерінің 60% қытай тілінен шыққан. Егер сіз қытай тілін білсеңіз бұл тілдерді игеру сізге оңай болады. Қытай экономикасы күн өткен сайын қарқынды дамып келе жатыр, сондықтанда қытай тілін үйреніп алсаңыз сізге көп көмегі тиюі мүмкін.
Испан, италия, португаль және француз тілдері бір тіл тобына жатады. Олардың барлығы латыннан шыққан. Осы аталған тілдердің біреуін үйрену арқылы сіз қалған тілдерді еркін меңгеруіңізге болады.Испан тілін білсеңіз сіз 60 елде тұратын 800 миллионнан асатын адаммен қарым-қатынас орнатып, олардың мәдениетін, тарихын, музыкасынан хабар аласыз.
Ағылшын тілін меңгерудің пайдасы туралы айтпай-ақ қояйын. Қазір ағылшын тілі — Еуропа, Америка, Аустралия және Шығыс елдерінің бір бөлігі сөйлейтін ең танымал тіл.Көңіл көтеру индустриясы АҚШ-та өте жақсы дамыған және сапалы музыка мен кино осы елден ағылшын тілінде шығып жатады.Сонымен бірге ағылшын тілі интернет тіліне айналды. Барлық компаниялар шет елдермен жұмыс жасаған кезде сайтының міндетті түрде ағылшын тіліндегі нұсқасын жасайды. Егер сіз ағылшын тілін меңгерсеңіз сізге қандай мүмкіндіктердің ашылатынын ойланып көріңіз.
Көп адамдар шет тілін үйренгісі келгенімен олардың алдыннан кедергі шығып жатады.Себебі олар келесі ойларды ұстанып шет тілін үйрену қиын деп ойлайды.
1. Шет тілін үйрену өте қиын.
2. Тіл үйренуге деген ерекше қабілетің болуы керек.
3. Өзіңе қажетті тілді үйренгің келсе, сол тілде сөйлейтін елде тұру міндетті.
4. Тек қана кішкентай балалар шет тілін тез және жақсы үйрене алады.
5. Шет тілін үйрену үшін керемет жағдай керек. Отырған бөлмең жақсы болуы керек.
6. Мен шет тілін үйренер едім тек менің оған уақытым жоқ.

загрузка...