Тершеңдіктен құтылу көптеген адамдарды мазалаған мәселе болып табылады. Жаз мезгілі жақындаған сайын тершеңдіктен зардап шегетін  адамдардың уайымы арта түсуде.Күн ыстықта адамның денесінен тер бөлініп,кейбіреулерде бұл шамамен тыс болғандықтан  көпшілік ортада өзін  ыңғайсыз сезінетіндерге  көмегі тиеді деп ойлаймын.

тершеңдік

Термен бірге ағзадағы зиянды заттар бөлініп шығатыны белгілі,алайда шамадан тыс тершеңдік  адамның эндокриндік және жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты туындайды.Адамның ең бірінші терлейтіні қолтық асты.Қолтық терлегенде  тердің жағымсыз иісі  өзіңізге ғана емес,айналаңыздағы адамдарға да   жиіркеніш сезімін тудырады.Сондықтан ең бірінші қолтықтың тершеңдігіне қолданатын әдіс.


Қолтықтың тершендігін басу үшін 1 шай қасық  емен қабығына  бір стакан қайнаған су құйып лимон сөлін қосу керек.Осы тұнбаны мақтаға матырып алып, қолтықты сонымен сүртіп жүрсеңіз  тершеңдікті  бірте бірте бәсеңдетеді.Сонымен қоса жиі терлейтін қолтықты ас содасы қосылған жылы сумен сүртіп немесе жуып жүріңіз.Тердің бөлінуі едәуір азаяды.Ағзаның қызметі нашарлағаннан болатын тершеңдікке әрине мұның нәтижесі уақытша ғана болуы мүмкін,сондықтан өзіңіздің жеке   дәрігеріңізбен ақылдаса отырып жалпы ағзп иммунитетін күшейтетін дәрі-дәрмектермен қатар микроэлементтерге бай дәрумендерді үзбей пайдаланып тұру керек.

загрузка...