Шылым шегу  - өте қауіпті әдетке айналған дүниелердің бірі. Ол адамның ағзасына тұтастай немесе жекелей әсер етуі мүмкін. Адамның өзі сонша қаласада шылым шегуден бас тарту оңай шаруа емес.  Бірақ адамды осы бір құштарлықтан арылтуға көмектесетін бірнеше әдіс-тәсілдер бар.

150869_53a4320c9eb4a53a4320c9eb80

Бүгінде темекі тартуды қойдыратын әртүрлі әдістер белгілі. Бірақ бір кісіге көмектескен әдіс, келесі бір кісінің пайдасына жарай қоймауы мүмкін.

Кейбір кісілер ауырмай, сырқамай белгіленген мерзім ішінде шылым шегуді қойып кетуі мүмкін.  Мысалы, олар үшін бойындағы жігердің өзі жеткілікті. Басқалары темекі тартуды кәмпит сорумен немесе шекілдеуік шағумен алмастыру арқылы қояды.


Біреулері сағыз шайнау арқылы өзін алдап, шылым шегуден бас тартып жатады. Бұл тәсіл қолданысқа жақсы енген және танымал десекте болады.

Медицинада темекі тартуды бұғаттайтын арнайы тәсілдері бар. Осылайша барлық облыстық маңызы бар қалалар клиникаларында ішімдікке және шылымға қарсы бас киім дайындалған. Сол бас киімді кигізу арқылы адамның миындағы арақ пен шылымға деген құштарлықты оятатын ми жасушасына белгіленген мөлшерде жоғарғы технологиялық лазер сәулесін жібереді. Ол әрине денсаулыққа қауіпті емес.

Қандай жағдайда адамның қолынан бәрі келетінін естен шығармағанымыз жөн. Егер адам өз-өзіне сенімді болып, шылым шегумен күресуге ниеттенбесе, оған кез келген заманауи құрылғылар мен әдіс-тәсілдер көмектесе алмайды.

 

загрузка...