Құқық қорғау органдары елімізде заңдылықпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, жеке адамды, оның заңды құқықтары мен мүдделерін, жеке меншікті, қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және оның аумақтық тұтастығын қорғау ісіне басты рөл атқарады.
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне заңдылықтың сақталуына Қазақстан Республикасының ҚК 15-тарауында қамтылатын сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жауапкершілігі туралы Қылмыстық кодекстің қалыптары (нормалары) жүзеге асырады[1].


Қылмыстық кодекс әділ сот органдары деп — сотты ғана емес, сонымен бірге қылмыстық және азаматтық істерді соттың дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін органдары; прокуратура, әділет, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу органдары, сондай-ақ соттың тағайындаған жазасының орындалуын қамтамасыз ететін мекемелер түсіндіріледі. Сот төрелігі мен жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар аталған органдардың қалыпты қызметін айтарлықтай бұзады, олардың беделін түсіреді және жеке адамның, сондай-ақ ұйымның мүдделеріне елеулі зиян келтіреді[2].
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың туыстық объектісі болып — әділ сотты жүзеге асырудағы кұқық қорғау органдарының қалыпты қызметі табылады.
Әділ сотты жүзеге асыру кең мағынада түсіндіріледі, яғни тікелей сот органдарының қызметі ғана емес, сонымен қатар әділ сотты оларсыз жүзеге асыру мүмкін емес органдардың қызметі (прокуратура, алдын ала анықтау органдары, үкімдерді орындау және т.б.).

Сатып алу

загрузка...