ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ADMIN · ЯНВ 2ND, 2016 · 0 COMMENT
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы,
М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Гулаим Еділқызы
Тақырыбы: Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі -оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру ,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа технология — педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал,бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі — мұғалім. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс, қабілеті дамыған , жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет.
Білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсаты адамзаттың прогрестік ерекшелігіне,қоғамдық –тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам ілгері дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға, тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім беруді ақпараттандыру , пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Интернет желісі мен электронды поштаның кеңеюі , оның күнделікті өмірде қолданысқа енуі болашақ мамандардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең электрондық оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру оқушылардың білімін тексеру, тетілеу.Оқытуда компьютерді қолданудың екі бағыты бар:
1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, іскерліктер мен дағдылармен қаруландыру.
2. Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Қазіргі кезде мұғалім сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет — концептуалды аспектісін жасау.Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет.
— оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда модельдеуге үйрету.
— компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, оқушылармен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
— компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет.Сондықтан мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің бірі –компьютер арқылы пәндік сабақтар өткізуі қажет.
Бүгінгі басты мәселеміз- білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы –білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.
XXI — ғасыр озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Компьютер оқушы үшін әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, сабақтарды компьютердің ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу – кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымыз –үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениетті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетті, халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да маңызды жұмыстар атқару — Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы- ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі- болашақ мамандарды лайықты тәрбиелеп, сапалы білім беру қажеттілігі туындайды. Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізі мәнге ие болып отыр.
Жаңа технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интернетті жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына енгізіледі. Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау өзгеше болғандықтан тек ойлау қабілеті, түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қарастырылуы мүмкін.
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
— мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.
— мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.
— мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
— мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.
— мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.
— балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.
— сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.
— әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектептің информатика кабинетінде интерактивті тақта орнатылған.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық — бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар.
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Көңілді тапқыштар», «Тапқыр достар» сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Қорытындылау кезінде тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
— Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
— Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
— Шығармашылық қабілеттері артады.
— Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
— Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
— Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.


«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005—2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
2. Ғылыми – әдістемелік журнал
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
4. «Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2011ж,2012 ж.
5. «Бастауыш мектеп» журналы №2,2009 ж.
6. «Бастауыш білім» журналы №4,2012ж.

загрузка...