Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мектептерге бес күндік оқу жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Президент VI шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүкіл дамыған елдерде мектептер бес күн оқиды. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқу стандарты жұмыс істейді. Бүгінгі күні осындай формат дамыған елдерде трендке айналып отыр. Ғалымдар оқу аптасын қысқартқан жағдайда білім алу нәтижесінің де артатынын дәделдеді. Бізге де осындай тәжірибені ендіру қажет», — деп тасырды Президент.


«Білім және ғылым министрлігі тіпті болмаса бастауыш мектептен бастауы керек. Бірақ, бұл жұмыс оңай емес. Бізде пәндер көп, балалардың жүгі орасан. Кейбір пәндерді біріктіруге болады, кейбірін алып тастау керек. Осыны мұқият зерделеген жөн», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүкіл мектептерді үздіксіз интернет желісімен қамтамасыз етуді тапсырды.

загрузка...