Мұғалімдер күні сценарийі бұл жаңашылдыққа толы жылына бір рет келетін мерекенің бастан аяқ өту процесі. Мұғалімдер күні дегенде ойымызға гүлдер, сыйлықтар, қоңыраудың тез соғылуы және құттықтау хаттары түседі. Дегенменде мұндай жыл сайын өтетін мерекелердің яғни мұғалімдер күні сценарийі қайталанып отыратыны заңдылық болып кеткен. Осы жылы дайындалған мұғалімдер күні сценарийі келесі жылы тағыда қайталанып жатады. Оқушылар сахнаға шығып билейді, Әндерін айтады, өлеңдерін оқиды, жалпы айтқанда өздерінің таланттарын көрсетеді. Ал мұғалімдер осының барлығына қарап қол соғады да отырады. Бірақ осы күні мұғалімдер өздерін ерекше сезініп, өздеріне деген ықылас пен құрметті сезінуі керек.

мұғалімдер күні сценарийі

 

Мұғалімдер күнін жарқын және көңілді өткізу үшін үйреншікті мерекелік концерттерді өткізуден бас тарту керек.


Жұлдызды жол

Кез келген мектепте қызыл жалғыз аяқты жолға арналған кілемшелер бар. Оны көбінесе мектеп бітірушілер құрметіне соңғы қоңырауда  немесе сыйлы қонақтарды күтіп алғанда төсеп жатады. Неге сол кілемшені қолданбасқа? Мысалы, сол кілемшені концерт өтетін акт залына дейін төсеп қойыңыз. Мұғалімдер сол қызыл кілемшемен жүрген кезде өздерін сол күннің жұлдыздарындай сезінуі керек. Әрбір мұғалім акт залына кірген кезде ол кісіні ду қол шапалақ, көңілді музыка және жан жақтан фотоға түсіріп жүрген адамдар қарсы алуы керек.

Бұрынғы сценарийлерге ұқсамайтын мұғалімдер күніне арналған жаңа сценарий.

Концерт адамды жалықтырып жібермеуі үшін сценарийді көңілді оқиғамен өрбітуге болады. Мысалы, ішінде оқушылары бар ұшақ теңізге құлады. Осыдан кейін барлық оқушылар адам аяғы баспаған аралға тап болады. Ол жерде су жоқ, ас жоқ. Оларға өз араларынан мықтыны анықтау керек. Себебі сол ғана барлығын бастап жүруі керек. Сол мықтыны анықтау үшін оқушылар өз араларында өнер жарыстыра бастайды. Бұл мұғалімдер күні сценарийі барлығына қуаныш сыйлайтыны анық.

Сыйлықтар

Жалпы біз мұғалімдер күнінде мұғалімдерге гүлдер мен тәтті конфеттер сыйлауды әдетке айналдырғанбыз. Бұл кейбір мұғалімдердің жыл сайын алатын тұрақты сыйлығына айналған. Сондықтанда мұғалімге бағалы әрі есте қаларлық сыйлық берген дұрыс.

Концерт 1,5-2 сағат болғаннан кейін адамның қарыны аша бастайды. Сондықтанда концерттен кейін дастархан дайындап қою керек.

загрузка...