МАТЕМАТИКАДАН 4-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ФАКУЛЬТАТИВТІК САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
ADMIN · ЯНВ 3RD, 2016 · 0 COMMENT
Құлсары қаласы

№9 жалпы орта білім беретін мектеп

Сагинова Жайлан Құрманғалиқызы

Математикадан 4-сыныпқа арналған факультативтік сабақтың жоспары

Мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Оқытудың міндеттері:

1.Оқушыларының зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, бейнелі және логикалық ойлауын дамыту; 2.Оқушыларының оқу-танымдық қызметін жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру; 3.Оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу; оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру; 4.Стандартты емес қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу,дамыту; 5.Баланың тұлғалық қасиеттерін,белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу; қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзінің белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу;

Р/с Тақырыбы Сағ
саны

Берілетін іскерлік дағды Пайдаланатын қосымша материалдар
1 1-ден 1000-ға дейінгі сандармен орындалатын амалдар 2 1000 көлеміндегі сандарды оқу,жазу,салыстыру дағдыларын дамыту және 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру Математикадан тест тапсырма лары,
4-сынып, авторы:

Р.Ж. Базарбекова


2 Тура және жанама есептер 2 Есептің дұрыстығын есептеу,өз бетімен есеп шығару қабілеттерін дамыту Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып

3 Разрядтық қосылғыштар 2 Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету Өзіндік жұмыстар
4-сынып,2012ж

4 1 000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар 2 Көп таңбалы сандарды оқу мен жазу жоғары разрядтан басталатынын терең меңгерту Өзіндік жұмыстар 4-сынып, 2012ж: Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-4 сыныптар.

5 Сандарды және шамаларды салыстыру 2 Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру;егер екі санның разряд бірліктерінің саны бірдей болмаса,қайсысынікі аз болса,сол кіші сан болып табылатынын ұғындыру Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж; Математикадан тест тапсырма лары,
4-сынып, авторы:Р.Ж. Базарбекова

6 Шамалар және оларға қолданылатын амалдар 2 Сандарды салыстырғандағыға ұқсас шаманың ірі өлшем бірліктерін салыстыруданбастап,біртіндеп ұсақ өлшем бірліктерін салыстыру Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж Математикадан тест тапсырма лары,
4-сынып, авторы: Р.Ж. Базарбекова;

7 Ұзындық өлшем бірліктері 2 Ұзындық өлшем бірліктерін өрнектеу және оларды салыстыру Ұзындық өлшем бірліктері кестесі
8 Массаны өлшеу 2 Салмақ өлшем бірліктерін өрнектеу және оларды салыстыру Масса өлшем бірліктері кестесі
9 Ауданды,көлемді өлшеу 2 Аудан бірліктерінің ара қатынасын тағайындауды ұзындық бірліктерімен салыстыра қарастыру; ауданның,көлемнің жаңа бірлігін енгізу (1а,1га) Ауданды,көлемді өлшеу формулалары кестесі
10 Уақытты өлшеу 1 Практикалық жұмыс жасай білуге үйрету Уақыт өлшем бірліктері кестесі
11 Көп таңбалы сандарды ауызша және жазбаша көбейту мен бөлу 1 Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту мен бөлу дағдыларын дамыта түсу Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып

12 Жылдамдық,уақыт,қашықтық 2 Шамалар арасындағы тәуелділікті тағайындау Сызбалар ; Өзіндік жұмыстар
4-сынып,2012ж

13 Қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер 2 Шамалар арасындағы тәуелділікті тағайындау Сызбалар; Өзіндік жұмыстар
4-сынып,2012ж

14 Мәтінмен берілген есептер 2 Өз бетімен есеп шығару дағдыларын қалыптастыру Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып

15 Логикалық есептер 2 Ойлау қабілеттерін дамыту Логика әлемі, 4-сынып, авторлары: Ерешева К, Үсенова Н, Фазылова А.
16 Амалдардың орындалу тәртібі 2 Алған білімдерін есептеу барысында дұрыс қолдана білу Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып

17 Күрделі теңдеулер және оларды шешу жолдары 2 Күрделі теңдеулер және оларды шешу жолдарын терең меңгерту Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып

18 Бөлікті табуға берілген есептер 2 Есептер және оларды теңдеу құру арқылы шығаруға баса көңіл бөлу;үлес,бөлігін табуға есептер шығару Өзіндік жұмыстар4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып

загрузка...