Мамандық таңдау-бұл өмірдегі күрделі шешімнің бірі.Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтр бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған жөн.Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін:

Маман иесі не істейді? Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді? деген сұрақтарға жауап табу керек.Кәсіби қызметтің нәтижесі-кез келген жұмыстың негізі.Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетін туралы  түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді.Әрине,мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес,сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейін жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.

Мамандық 2015

Мұндай ақпаратты қайдан алуға болады?

Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады.Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім  белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек  адамдардың қасында болады.Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері  жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың  себепкері болуы мүмкін.

Олармен  қалай кездесу керек?

Ең қарапайым тәсіл-ашық есік күндеріне келіп,өзіңді қызықтырған факультет деканатының,кафедраның қызметкерлерінен тиісті  ақпарат алу.Сонымен қатар ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы,сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келуіңізге болады.Енді таңдалған мамандықтың бағыты туралы түсінік.Бірнеше мамандық бойынша  осындай түсінік алып,өзіңе не ұнайтынын,ненің ұнамайтынын немен сәттілікке жететіңінді немен жете алмайтындығынды шешесің.


Сен өзіңнің болашақ мамандығынды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің.Бұл жұмыс маған не береді?.Көпшілігі жоғары еңбекақы алғылары келеді.Шындығында,кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды,өйткені адамға даму,жаңашылдыққа ұмтылу тән.Өзгеріске деген ұмтылыстың қаншалықты күшті болса,соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді  көп таба аласың.Ал  мамндық алып,кәсіпті игеру үшін оқу орнын таңдау керек екені түсінікті.Бұл жерде неге назар аудару керек.Кез келген оқу орнының басты   құндылығы   оның оқытушылық құрамы болып  табылады.Мамандар қалай дайындап шығаратындықтары оның кәсіби шеберлігіне байланысты екендігі  саған белгілі.Оқу процесінің  техникалық және материалдық жабдықталуына да    компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер т.б. назар аударған жөн.Студенттердің,әсіресе осы оқу орнының түлектерінің пікірін тыңдау керек.

Мамандық таңдау-қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты іздесеңіз,нәтижесі де соғұрлым  жақсы болады.Мамандық әлімімен танысуды   5-6 сыныптардан бастаған  тиімді.

Есте сақтаңыз.Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді.Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты,немен айналысқанда жан рақатына бөленесіз,соған назар аударған жөн.

Мамандық-бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз.Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай бліңіз және   сонымен бірге өзіңіз   де дамыңыз,сонда ғана биікке жетесіз.

загрузка...