Көзді қорғау жолдарын қалай жүзеге асыруға болады? Үнемі компьютерді пайдаланып жұмыс істейтіндердің 60 пайызында әртүрлі көзауруы және көру қуатының нашарлауы жиілеуде.Сондықтан көру  қуатының  төмендеуінің алдын  алу үшін дер кезінде  дауалануға көңіл бөліп қажетті ем қабылдап тұру қажет.

компьютермен жұмыс жасау кезінде көзді сақтау

Егер көзде  В1 дәрумені кем болса көз құрғап көру қуаты төмендей бастайды.А дәрумені кем болса  көз құрғайды.Сондықтан компьютерде жұмыс істеушілер құрамында  жоғарыдағыдай дәрумендерге  бай азықтарды көп тұтынуы қажет.А дәрумені   хайуанаттардың бауырында,сәбізде,қызанақта көп болады.В1  дәрумені  ет,бұршақ өнімдерінде жиі кездеседі.Көзді қорғаудың төмендегідей  жақсы тәсілдері бар:


1.Көз ұшындағы  бір затқа қадалып ұзақ тесілу.Мүмкін болса жасыл түсті  затқа қарап  бес ретке дейін санаңыз.Сосын жаңарды дереу жақын нүктеге аударып тағы да бес ретке  дейін санаңыз.Бұл әрекетті  үш ретке дейін қайталаңыз.

2.Кірпікті жиі-жиі он рет қағып арада төрт бес секунд тынығу қажет.Сосын көзді   жұмып аз уақыт тұрған соң  алыс нүктеге қадалыңыз.Бұл үш бес рет қайталануы керек.

3.Басты қозғалтпай тұрып,оң көзді  оң жаққа мейлінше бұрып, беске дейін санаңыз.Сосын сол көзді  сол жаққа бұрып  тағы да беске дейін     санаңыз.Арада бес алты секунд      демалған  соң  бұл әрекетті  үш  төрт рет қайталаңыз.

4.Бет терісіне  салмақ түсірмей  көз шарасын оңға  және солға қарай   екі реттен айналдырыңыз.Егер бұл жаттығуларды ерінбей   жасап тұрсаңыз  көздің қызметіне айтарлықтай   пайдамын тигізеді.Ең бастысы-көзіңіз аман сау болсын.

загрузка...