Көру — адам баласына ең қажетті деген қасиеттердің бірі. Ол сізге мол білім мен жан-жағыңызды танып-білуіңізге көмектеседі, сондықтанда көз жанарын әрқашан күту керек. Бүгінде алыстан және жақыннан көру қабілеті нашар адамдарды көптеп кездестіріп жатамыз. Бірақ көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін бірқатар тәсілдер бар. 1_525510898f38e525510898f3cc 1.  Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз.

2. 20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз.

3. Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз. 

4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңызда, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз.


5.  Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.

6. Компьютерде  немесе жұмыс орнында көзіңіз шаршағанда мынадай жаттығу жасауыңызға болады. Екі қолыңызбен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзіңізді жауып отыруыңыз керек. Көзіңіздің демалғанын сезгеннен кейін қолыңызды босатуыңызға болады.

7.  Дәрумендерді көбірек пайдаланыңыз. Әсіресе көкөністер мен жемістердің құрамында көздің көру қабілетін жақсартатын дәрумендер көп болады.

8. Күн сайын қайнатылған қырық қабат жапырағын жеңіз. Күн сайынғы тамақтануда қайнатылған және шикі сәбізді және грек жаңғағын пайдаланған дұрыс.

  9. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басуға болады.

 

загрузка...