Кәуап маринадтауды  білесіз  бе? Бүгінде  қандай мереке  болмасын  ет  тағамдарымен  бірге  кәуапты да үлкендер  жағы  пісіріп  жатады.Кәуәпті тек  мейрамханалар  мен  дәмханаларда ғана  емес өз  үйімізде  де  жасауға  болады.Тек  ет  түйрейтін  темірлерді сатып  алсаңыз  болғаны.Ал  етті маринадтауға  келсек  оның  бірнеше  жолы бар.Әркім  өзінің  қалауы  бойынша және    өзіне  ұнайтын  дәмдеуіштерді қолдануға  болады.Сиыр,қой  тауық еттерінің  қай қайсысынан да  дәмді  кәуап  дайындалады.Үйрек  еті мен  қой  етінен  әлдеқайда  жақсы болады.Себебі   жұмсақ  әрі  шайнауға  ыңғайлы.

шашлык жеу

Етті  бірнеше  түйірге  бөліп  турап  оны маринадтаға  кірісіңіз:

1)Сарымсақ  пияз  сәбіздерді дөңгелектеп  турау  керек.Үлкенірек  ыдысқа   еттерді салып өсімдік  майын  жағыңыз.Лавр  жапырағын  аскөк  ақжелкен   шөптерін  қара бұрышты  еттің  үстінен  салып  аздап  қызыл  шарап немесе  сірке  суын  немесе  ақ  арақты  шамалы  құйсаңыз  болады.Содан  соң  лимон  шырынын  себелеп  құйып  ыдыстың  қақпағын  жауып   екі сағаттан  бастап   бір  тәулікке  дейін  дайындап  қойыңыз.Негізі  ет  бір тәулікке  жуық  маринадталып  тұрғаны жөн.


2)Пиязды  ұсақтап  туралған  етпен  мыжғылап  араластырсаңыз  немесе  пияздың  сөлін  сығып  алып  еттерге  жағып  қойсаңыз  да маринадтауға болады.Әрине  пиязбен  бірге  түрлі ддәмдеуіштер   қосуды  ұмытпаңыздар.Маринадтаудың  бұл  түрі де  қонағыңызды таң-тамаша   қалдырады.

3)Етті кәдімгі  қышқыл  айран  қосып бұрыш  кинза лимон  сарымсақпен араластырсаңыз  дәмі ауыздан  кетпейтіндей  дәмді  болады.

4)Айранның орнына  соя соусын  қолданып   етті  жақсылап  сылап  шықсаңыз  да  кереметт  дәм  береді.Ал  дәмдеуіштерді қалауыңыз ша  пайдаланасыз.

5)Бір  кг  етке  екі  жүз грамм   қатынасында  майонез  қосып  лавр  жапырақтары  сарымсақ  бұрыш  кинза  араластырып   екі сағаттай  қойсаңыз тез  маринадталады.Дәл  осы лай  бірақ  майонездің  орнына  кетчуп  қолдансаңыз да  өзінше  бір  дәм  шығады.

Кейбіреулер    етті маринадтаудың алдында   қою  қызыл  шай  демдеп  он  бес минуттай шайға  салып  қояды.Сонда жақсы маринадталады.Бұл  әдіс те  бір  қажетіңізге  жарар.Міне   кәуап  маринадтаудың  бірнеше  жолын жаздым.Отбасылық  мейрамханада  қонақтарыңызға  кәуап  пісіріп  беріңіз.

загрузка...