Курстық жұмыс. Кей кезде курстық жұмыстың кіріспе бөлімін жазу курстық жұмыстың өзін жазудан қиын болып кетеді. 2-3 бет болатын кіріспе мәтінін өз бетімен жазу кейде тығырыққа тіреп жатады. Алайда, курстық жұмыстың құрылымы мен мағынасына көңіл бөлетін болсаңыз, кіріспе бөлімді жазу қиын шаруа болмайды.

 

курстық жұмыс

 

Нұсқаулықтар

1.  Кіріспенің алғашқы бастамасын курстық жұмысты жазып отырған салаңызға байланысты жалпы сөздерді қолданудан бастаңыз.Кіріспе баяндаудың логикалық бастамасын көрсетуі міндетті және таңдалған курстық жұмыс тақырыбының маңызды екенін байқатуы керек.

2. Тақырыптың маңызды екендігі ерекше көрсетілуі керек. Курстық жұмыста баяндалатын мәселенің оңтайлы шешімді қажет ететінін және бұл мәселе шешілгенде қандай жақсы жағдайлар орындалатынын көрсетіңіз. Жазбаның дайын нұсқаларын қолданыңыз, мысалы: « Таңдалған тақырыптың маңыздылығын мен былай түсіндірер едім...».


3. Көбінесе курстық жұмыс талаптарында зерттеу жұмысының объектісі мен субъектісін көрсету маңызды болып табылады. Объект пен субъектіні анықтау қиындық тудыратын кездер болады. Субъект — іс-әрекетті тудырушы. Объект — іс-әрекеттің орындалып жатырған жері.

4.Курстық жұмысты жазу мақсаты  - курстық жұмысқа кіріспе жазудың келесі қадамы. Бұл мәтіннің басы жалпы былай басталады:  «Зерттеу жұмысның мақсаты ... болып табылады». Көбінесе курстық жұмыстың мақсатын былай жазады:

  • «дамудың тиімді жолдарын іздеу мен анықтауда...»
  • «дамыту перспективасын талдау және анықтау мақсатында...»

Курстық жұмыстың осы немесе басқа да салалары бойынша даму жолына бағытталған басқа да мәтіндерді қолдануға болады.

Курстық немесе Дипломдық жұмысқа тапсырыс беру

загрузка...