Барлығы жазды жақсы көреді. Біздің ағзамызда жазды жақсы көреді: күн сәулесі мол, жеміс-жидектер піскен уақыт, ал егер жолыңыз болса теңізгеде түсетін күндерде болып жатады. Алайда, жаз тек демалыс пен жайбарақат жататын уақыт қана емес, сонымен бірге денсаулығыңызды арттыруға көмектесетін ай болып табылады. Жаздан басқа қай айда біздің бау-бақшаларымызбен дастарханымызда осыншама сол жеміс-жидектер өсіп шығады? Әрине, басқа айларда өседі, бірақ өте қымбат болады. Сондықтанда жаз айы жеміс-жидекті тоя жейтін уақыт деп есептеймін. Жаз айында өзімізге пайда әкелетін қандай әрекеттер жасай алатынымызды көрейік!

жаз айындағы демалыс

Ағзамызды дәрумендерге байытумен қатар денемізді де қалыпқа келтіретін уақыт жаз айы болып есептеледі. Егер жаз басталмас бұрын денеңіздің формасын қалыпқа келтірмеген болсаңыз, қазіргі кез нағыз уақыты болып табылады. Бұл жолда сізге көптеген мүмкіндіктер ашылады!


Біріншіден, жай айы кәуап жейтін ай. Жаз айында кешке таман салқын ауада кәуап жеу сіздің денсаулығыңызға тек пайда алып келеді. Кәуап жеп болғаннан кейін демалып алып, достарыңмен волейбол ойнауға болады. Волейболды ұнатпайсыз ба? Ештеңе етпейді. Футбол ойнауыңызға болады, жақын жерде өзен немесе көл болса су добын ойнауыңызға болады, жүзуіңізге болады. Осы кезде Алматы табиғатына не жетеді, шіркін! Осылайша, сіз бір оқпен екі қоян атасыз. Біріншіден өзіңіз ұнататын кәуапты жейсіз, екіншіден артық калориядан арыла аласыз. Себебі суға жүзу сіздің денсаулығыңызға өте көп пайда алып келеді.

Екіншіден, сізге жазғы демалыс бермесе, отбасыңызды алып кешке қарай демалуыңызға болады. Таза ауа жұтып, өзен жағасындағы кафеге отырып, өзіңіз ұнататын тамақтан дәм тата аласыз. Бұл жердеде пайдалы жақтары өте көп. Біріншіден ойыңыз бөлініп, сергіп қаласыз, екіншіден үйдегілерді ыдыс-жуу секілді шаруалардан босатасыз.

Үшіншіден, жаз айында өте көп шаралар өтеді. Ашық аспан астында өтетін көрмелер немесе елордамыз Астананың туған күні секілді шаралар. Және де жаз айында тағыда жақсылап суға түсіп, жүзіп, шомылуға болады.

Соңғы айтарымыз, қайырымдылықпен айналысыңыз. Ораза айына тұспа-тұс келетін жаз айы қайырымдылық жасап, мұқтаждарға көмек қолын созатын ай. Сондықтанда өзіңізден арылғанын көмек ретінде берсеңіз, өзіңізді бақытты адам ретінде сезінесіз. Ал, бақытты адамның денсаулығыда жақсара түсетіні белгілі.

загрузка...