Есжанов Рустам Тулегенович,

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы,

«Ильинка орта мектебінің» І санаттағы

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Әдебиеттен

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру, қадағалауғ бағалау мақсатында сайыс өткізу. Топтық жұмысқа баулу, өзара және өзін-өзі бағалауға үйрету

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Күтілетін нәтиже: топта жұмыс жасайды; білімдерін көрсетеді; ертегілерді түсінеді; шығармашылықтарны танытады

Сайыс барысы:

Сайыс кезеңдері:

«БӘЙГЕ»
«Алтын балық»
«Ертегіні дұрыс орналастыр»
«Сандар құпиясы»
Кері байланыс жүргізу
Марапаттау
— Ең алдымен, оқушылар сайыс сабағымызды бастамас бұрын, сіздермен шағын сергіту сәтін өткізгім келіп тұр. Сергіту сәтіміз «Күннің көзі күлімдейді» деп аталады.

Сыныпты топқа бөлу. (Сынып топқа мақалдың екі жартысын қосу арқылы 3 топқа 4 адамнан бөлінеді)

Ендеше сайысымызды бастайық

1 тур «БӘЙГЕ»

Кезең шарты: Ертегі мазмұнына сәйкес қойылған сұрақтарға тез, жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа топ 10 ұпай алады.

Ертегінің түрлері /қиял-ғажайып, хайуанаттар, шыншыл/
Мына сөзді жалғастыр: 8 қызым бір төбе … /Кенжекейім бір төбе/
Бапы хан кім? /жер асты хандығы/
Перінің қызын ата /Бекторы/
Адамның жаманы /Жаман/
«Аяз би» ертегісінде жақұтқа не болды? /құрт жейді/
Тазша бала қай ертегінің кейіпкері? /Қырық өтірік/
Қойшы баланың әкесі /Мергенбай/
Ер Төстік жер астынан шыққанда кіммен төбелесті? /Шойынқұлақ/
Кендебайдың жылқысы /Керқұла ат/
Кенжекей Ерназарға қайда тоқтама дейді? /Сорқұдыққа/
Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді /кездік/
Төстік пен Шойынқұлақ төбелескенде Төстікке кім көмектеседі? /Күңке/
«Аяз би» ертегісінде хан кімнің баласы болып шықты? /наубайшының
«Қырық өтірік» ертегісі қандай ертегі? /шыншыл/


Кезеңді қорытындылау

2 тур «Алтын балық»

Кезең шарты: Оқушылар балық аулауға барады. Әр балықтың артында 10, 20, 30 ұпайлы сұрақтар жасырылынады. Дұрыс жауап берген топ сәйкесінше ұпай алады.

10 Меңді сұлудың жасы нешеде? /35/

10 Ханның неше уәзірі болыпты? /40/

10 Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты? /сиыр/

10 Хан Жаманға қандай тағам бергізді? /нан/

20 Кендебайдың әкесінің аты кім /Қазанғап/

20 –Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?» -кімнің сөзі /Ханның кіші қызы/

20 Кендебайда бие қандай құлын туады /алтын құйрықты құндыз жүнді/20

30 Желаяқ ол кім?

30 Ер Төстіктің жары? /Кенжекей/

30 Сорқұдықтың басында не жоғалып кетеді? /құба інген/

30 Кенжекей Ерназардан нелерді сұратады? /Шалқұйрық құба інген ақсырмалы сауыт/

Кезеңді қорытындылау

3 тур «Ертегіні дұрыс орналастыр»

Кезең шарты: Оқушылар «Аяз би» ертегісін мазмұнына сәйкес дұрыс орналастырулары қажет. Әр дұрыс сәйкестікке 10 ұпай беріледі

Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2

Жаманның сертке берік болуы. 5

Жаманның Барсакелмеске баруы. 7

Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1

Хан тағына отырған Жаман. 10

Ханның Жаманды уәзіретуі. 3

Меңдінің Жаманды таңдауы. 4

40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6

Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8

Ханның Жаманды сағынуы. 9

Кезеңді қорытындылау

4 тур «Сандар құпиясы»

Кезең шарты: Оқушылар берілген сандарды ертегілермен байланыстырулары қажет. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

40, 9, 8, 3

Кезеңді және түгел ойынды қорытындылау

Кері байланыс

— Ал енді, оқушылар, сайысымызды қорытынддылап болған кейін сіздерден бүгінгі ойын туралы пікірлеріңді білу мақсатында «Жеміс ағашы» атты кері байланыс жүргізгім келіп тұр. Пікірлеріңді еркін жеткізе қойыңдар.

Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау

загрузка...