Бойдақ болсаңыз, бойжеткен аруды қарату үшін төмендегі алты кеңеске үнемі назар аударыңыз. Отбасылық өмірде де оны жадыңыздан шығармаңыз.
1. Ешқашан сырыңызды бүкпесіз айтпаңыз.
2. Көп тыңдаңыз, аз сөйлеңіз. Өзіңізді мақтамаңыз.


3. Әйелге қандай жәрдем бере аласыз? Жауапты тап басып, ұмытылмастай етіп орындауға тырысыңыз. Ренжісіп қалсаңыз: “Мен саған сондай жақсылық жасап едім”, -деп міндетсімеңіз, әйелмен есептеспеңіз.
4. Әйелді таңқалдыруға тырысыңыз. Оның қандай гүлдерді, қандай тәттіні, қандай сәндік бұйымдарды, иіссуды жақсы көретінін біліп алыңыз. Әйел заты сараңдықты ұнатпайтыны жадыңызда болсын. Туған күнімен, мерекелермен құттықтауға айрықша көңіл бөліңіз.
5. Әйелге: “Қандай әдемісің, өзіңмен бірге болу қандай жақсы”, -деген сөздерді жиі айтып, аялауды ұмытпаңыз. Ауырып, жүдеп жүрсе де “Түрің қалай жаман болып кеткен”, деген сөздерді мүлде айтпаңыз, шашына, киіміне, бояуына мін тақпаңыз.
Ешқашан өтірік сөйлемеңіз. Егерде сіз сүйіктіңіздің жанынды өз мұддеңіз үшін табысқа қалай жеткеніңіз, қызметіңіз жайлы жалған әңгіме айтсаңыз, үлкен қателік жасағаныңыз. Қыздың сізге деген сенімі бір сәтте жоғалуы мүмкін.
Ұнатқан қызыңызға бар сырыңызды бірден ашып айтудан аулақ болыңыз. Мысалы, қанша жалақы алатыныңызды айтпаңыз. Бұдан болашақ жарыңыздың сіздің материялдық жағдайыңыз ұшін емес, шын сүйетіндігін сынап көруге болады.

загрузка...