Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы

«Степное негізгі мектебі балабақша кешені»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Карымбаева Балнур Тлеубековна

Сабақ тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия

Тақырыпты оқытудағы мақсат:

Білімділік. Екінші дүниежүзілі соғыстан кейінгі Германиядағы саяси өзгерістер,мемлекетті бөліске салу мен ыдырауы,әлуметтік-экономикалық дамуы туралы мағұлмат беру арқылы білім-біліктілікті қалыптастыру.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту.

Тәрбиелік. Германияның бірігуі мен ішкі және сыртқы саясаты туралы тарихи деректер арқылы

көздерін жеткізіп, дұрыс түсініктерін қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ. (Сырттай саяхат, сұрақ-жауап, пікірлесу,тапсырмалар орындау)

Сабақ әдісі: әңгіме, сынып және жекелей оқушылармен, картамен, кестемен, мәтінмен, салыстыру, тарихи тұлғаларды тану, интерактивті тақтамен жұмыс.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, математика,т.б

Көрнекі құралдары: Карта, интерактивті тақта, суреттер, кестелер,слайдтар.

ТАҚЫРЫПТЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОСПАРЫ.


ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ГЕРМАНИЯ
БАСЫП АЛҒАН АЙМАҚТАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
1948 ЖЫЛҒЫ БЕРЛИН ДАҒАРЫСЫ ЖӘНЕ ГЕРМАНИЯНЫҢ ЫДЫРАУЫ
АДЕНАУЭР КЕЗЕҢІ (1949—1963ЖЖ.)
ЕКІ ГЕРМАН МЕМЛЕКЕТІН БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІ
ҚАЗІРГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

САБАҚ БАРЫСЫ: 45 МИНУТ.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ -1-2 МИНУТ (ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ӘЗІРЛІГІ, САБАҚҚА ҚАТЫСУЫ)

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ — 3-5 МИНУТ
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франциядағы конститутциялық өзгерістер?
Бесінші Республика және Шарль де Голльдің “жеке билік тәртібі”
1968 жылғы “Қызыл Мамыр” дағдарысы туралы не білеміз?
1956 ж Франция тәуелсіздігін беруге мәжбүр болған ел?

ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ ЖОЛДАРЫ. — 8- 9 минут. ( Оқушылар слайдта берілген сұрақтарды оқу
арқылы білімдерін толықтыру.

Негізгі жетекші ұғымдар мен түсініктер: термин сөздер, тарихи тұлғалар, мәтінмен, интерактивті тақтамен, кестелер, сызбалармен, суреттермен, компьютермен жұмыс.

(Канцле, бундесрат, бундестаг, мандат, марка, парламент, декартелизация)

Рефлексия кезеңі: Сабақ барысында оқушы — оқытушы арасында дұрыс қарым-қатынас орнату.

Жаңа сабақты бекіту. 20-25 минут. Тапсырмалар орындау, ауызша. ( Слайд бойынша)

Үйге тапсырма: 1-2 минут. 25 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Оқулық 177-190 беттер

Оқушылар білімін бағалау: Арнайы парақ толтыру. (Ашық сабаққа қатысушылар бағалауы) — 1-2 минут.

загрузка...