Дауа. Бауырыңыз ауырмасын десеңіз. Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз. 100 мл жаңа сығылған сәбіз шырынын 120 мл ыстық сүтке араластырып ашқарында ішу керек. Таңғы асты 3 сағаттан кейін ішкен дұрыс. Мұндай емді бір ай жасаған соң бауырыңызды тексертсеңіз, нәтижесін бірден байқайсыз.


дауа
Душ қабылдаудың пайдасы. Жазғы аптапта жұмыстан кейін душ қабылдағанның пайдасы көп. Тек қана сумен шайынудың өзі жаныңызды сергітеді, ал сол суға жалбыз бен қайың жапырағы және қара қарақат жапырағының тұнбасын араластырып шайынса, денсаулығыңыз нығаяды. Ауыр жұмыстан құрысып қалған денеңізді жазып, бұлшық еттерді босаңсытып, ұйқыны жақсартады.
Маңдайдағы безеуді емдеу. Маңдайға безеу шығудың түрлі себептері бар. Безеу ішек жұмысының бұзылуынан шығуы мүмкін, ондайда ас мәзірін ретке келтіру керек. Майлы тәтті тағамдарды азайтып немесе мүлде тоқтата тұрған жөн. Шәй мен кофенің де пайдасы шамалы, оның орнына жаңа сығылған көкөніс шырындарын ішкен дұрыс. Ішектің жұмысын жақсартуға ашқарында ішкен айранның пайдасы мол. Сондай-ақ безеудің шығуына өт жолының ауыруы да себеп болуы мүмкін. Ол ұзақ уақыт дәрі ішкеннен, гормондық преппараттар, антибиотиктер мен дәрумендер қабылдаудан болады. Ондайда қалай емдеу керектігін дәрігер ғана айта алады. Ішкі органдардың проблемасын косметикалық тазалағыштармен кетіремін деп әуреленудің қажеті жоқ, онымен тек ушықтырып аласыз. Ал ашқарында бір стақан таза су ішсеңіз, ағзаның жұмысын жақсартып, қалдықтардан тазалайды. Ішкі органдардың сұлулығы тән сұлулығына оң әсер береді.

загрузка...