Басым ауырады. Неге темекінің иісінен адамның басы ауырады?

Адамға жағатын, тіпті оның емделуіне де әсер ететін иістер болады. Тек иіспен ғана емдейтін ароматерапия осыған негізделген. Жағымсыз иістер кері әсер етеді. Жағымсыз иістер адамның ағзасын улайды. Мұндай иістер — таксикология ғылымының зерттейтін пәні. Осы ғылымның негіздеріне сүйенетін болсақ, темекі тарту интенсивтілігі әртүрлі бас ауруларын тудыратын фактор болып есептеледі.


 

 

 

басым ауырады

басым ауырады

  1. Бас ауырған кезде бір ғана себептен ғана емес, бірнеше себептен ауырады. Темекі шегіп тұрған адам темекінің түтінін ішіне жұтқандықтан, аз ауа жұтады. Және адам темекі тартып тұрған кезінде оның миына кислород жетпей, барлық сүйектері сырқырай бастайды. Мұндай әсерді және никотинде береді. Сонымен бірге, ол жүйке жүйесіне бірден әсер етеді. Алдымен рахатқа бөлейді, артынан қысады. Содан кейін бас ауыра бастайды, бас айналады, артынша бас ауруы үдей түседі. Сол сәтте адамның қан қысымы көтеріледі.
  2. Осыдан аз жылдар бұрын никотинді темекідегі ең басты у деп санап келді. Артынан темекінің құрамындағы қоспалардың жануы ең қауіпті у екенін білді. Темекі түтінінің құрамында висмут, мышьяк болады. Сонымен қатар, осылай айтылған қоспалар ауаға тарап, бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп одан әрі күшейе түседі. Осындай удан адамның басы ауырады дегенге қалай сенбеуге болады?
  3. Шылымның иісіне басы ауыратын адамның темекі түтінінің компоненттеріне аллергиялық реакциясы болуы мүмкін. Механизм барлығында бірдей: иммундық жүйенің аггресивті заттан қорғанысы. Бұл жердегі бас ауруының деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай аллергияға құрғақ жөтел, тұмау, бөртпе секілді сипаттамалар тән. Миға кислородтың толық бармауына байланысты көздің көру қабілетінің нашарлауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі мүмкін.
  4. Соңғы айтарымыз ата-аналардың, аға-әпкелердің кішкентай балалардың қасында темекі шеккені балалардың денсаулығына зиян. Бір жағынан қазақ отбасында кішкентай балаларды тәрбиелегенде жақсы нәрсені үйренуге, соны өмірлік ұстаным тұтуға үйреткен.

Пайдалы кеңес

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, егер күнделікті темекі шегетін нормадан екі есе аз темекі шегетін болса, онда адамның бас ауруы күрт төмендейді екен.

Бас ауруы — ең қауіптісі емес, темекі шегушілер ентікпе, рак, инфарт және инсульт, интеллекттің төмендеуі секілді ауруларды тілеп алуы мүмкін.

Ойланып көріңіз. Шылым шегуді қоятын уақыт келген жоқ па?

загрузка...