МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………. 4
I. Мектеп жасына дейінгі балалардың образды және іс-әрекетпен ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері …………………………...…...5
1.1 Балабақша тәрбиеленушісінің ойлау қабілетін ойын жетілдіру …….…8
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың образды және іс-әрекетпен ойлауының ерекшеліктері…………………………………………………...….14
II. Көлемдері бірдей және әртүрлі заттарды салыстыруға негізделген тәжірибе…………………………...15
2.1 Тәжірибе жасау әдісі балаға көзбен, іс-әрекетпен және есту арқылы мәлімет беретін білім берудің түрі ……………………………………… …...18
2.2 Өлі және тірі табиғаттың көмегімен заттарды салыстыруға бағытталған комплексті тәжірибелер………………………………………………………...30
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………...31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………...32

КІРІСПЕ

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде мұғалім әрдайым сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану керек. Дидактикалық ойындарында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Дидактикалық ойындар сабақтың қызықты болып өтілуіне көмектеседі. Дидактикалық ойындарды математика сабағында пайдалану қиын тақырыптарды түсіндіруде ең пайдалы әдіс деп айтуымызға болады. Ойын бағдарламада анықталмаған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Дидактикалық ойындар дарындылықты анықтайды, дамытуға көңіл бөледі, үздіксіз жұмыс жүргізеді. Дидактикалық ойындар мақсатын нақты қояды, қажетті материалдар, тиімді әдістерді таба біледі.
Ойындар педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, оларды бір-бірімен байланыстырады.
Заттарды өзара салыстырған кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тек ойын арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Себебі балабақшада тәрбиеленетін бала әлі ойын баласы. Оның сол заттардың үлкен кішілігін айыру қабілетін тек ойын арқылы ғана арттыруға болады. Менің жалпы курстық жұмысым осы бағытта өрбіді

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Алматы «Балауса» 1992 ж.
5.Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
6.«Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж
7.Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж
8.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.
9.Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992

Жұмыстың типі: Курстық жұмыс, 32 бет

Сатып алу

 

загрузка...