Аяқтың жағымсыз иісі көптеген адамдарға ыңғайсыздық келтіретіні белгілі. Төменде осынау бір келеңсіз жағдайдан құтылудың жолдары көрсетілген.

аяқ терлейді

1.Аяқтың көп терлеуі жағымсыз иіске алып барады.Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылу үшін жас қалақайды жер ошақта жағып,оның мұржадан шыққан түтініне аяқты   ұстап тұру керек.Үш төрт қайталағаннан кейін   аяқ көп терлемейді.Жағымсыз иістен де құтыласыз.


2.Еменнің қабығын ұнтақтап,аяқ киімнің ішіне  салыңыз.Күн сайын жаңалап отырсаңыз болғаны.Көп ұзамай қолаңса иістен құтыласыз.

3.Аяқ терлеп қышыған кезде  30 г қыр жалбызы,30 г ошаған тамырын  ақ құрғақ шарапқа салып,жиырма минут жабық ыдыста баяу қайнатыңыз.Осыған аяқты күніне бірнеше рет саласыз.

4.Аяқ саусақ аралары ашып,терісі қопситын  кездер де болады.Осындайда қара шалқанды  қайнатып,аяқты сумен жуыңыз,аяғыңыз өте жақсы тынығады.

5.Бір стақан қайнап тұрған суға бір шай қасық ас содасын ерітіп,аяқты жуасыз.Жақсылап сүртіп,осы малынған мақтаны саусақтардың арасына  шиыршықтап қыстырып ұйықтау керек.Күнде осы әдісті қайталайсыз.Бір аптадан соң аяқтың көп терлегіштігінен  құтыласыз.

загрузка...