Анар жемісі шырыны қандай дәруменге бай екені  барлығымызға  да таныс.Өйткені бұл жеміс туралы аз жазылып жүрген жоқ.Оның таптырмас эликсир екенін көпшілік білсе керек.Мен анар жемісінің арықтауға көмектесіп ағзаны зиянды заттардан тазалаумен қатар иммунитетті көтеретіндігін айтқым келіп отыр.

анар жемісі арықтатады

Анар жемісі ас қорыту жұмысы мен ішектердің жұмысын күшейтіп, қан жүйесіне әсер етеді.Сонымен қатар ағзадағы дерттерді тудыратын вирустарға қарсы тұру қабілеті зор.


Сонымен 3 аптаға арналған емдәмге тоқталайын.Әр тамақтану уақытының арасындағы  үзілісте жарты стакан яғни жүз грамм анар жемісінің шырынын ішу керек.Екінші аптада анар жемісінің шырынын күніне екі  рет-ақ қолданасыз.Үшінші аптада күніне бір рет қана жарты стакан анар шырынын ішуіңіз керек.Шырынды ішерде бір де бір қатынасында сумен араластырасыз.Емдәмнің нәтижесі ұзақ күтірейді.

Анар жемісі емдәмінің тағы да бір түрі бар екен.Ол жылдам  әсер етеді.Жеті күнде бес кг салмақ тастай аласыз.Бір аптаға арналған емдәм мәзірі төмендегідей.

Таңғы асқа жүз елу г қайнатылған тауық немесе балық еті,гарнирге қарақұмық,бір дана анар міндетті түрде.

Түскі және кешкі астардың арасында бір банан.

Кешкі аста екі жүз г қарақұмық  ботқасы.Ол тұзсыз,майсыз,дайындалады және бір дана анар жемісін азық етесіз.Егер қарныңыздың ашқанын байқасаңыз,түнде 1 стакан майсыз айран ішуңізге рұқсат.Ескертетін жайт анар жемісі емдәмі кезінде өзге емдәмдәр секілді тәттілерден,ұннан жасалған  тағамдардан тыйыласыз.Анар емдәмін асқазазанында кінәраты бар адамдарға қолдануға болмайды.Арықтай алмай жүрген жандар осы кеңесті қолдансаңыздар болады.

загрузка...