Азық-түлік туралы айта кетсек. Жазда  үйдегі азық  түлік  тез    бұзылады.Сондықтан   маусымда  олардың дұрыс сақталуына  мұқият  болу керек.Мысалы үшін осындай  кезде  тоңазытқышыңыз  бұзылып  не  дұрыс  істемей қалса  азық түлік  құрымауы үшін  не  істеуге  болады?

азық-түлікті сақтау

Етті тоңазытқышсыз-ақ сақтауға боады.Оны қағаз сулықтармен құрғатып сүртіп бетіне сиыр не қойдың майын жағыңыз.Етті пергамент қағазына орап салқын жерге іліп қойыңыз.Басқа тәсілді де қолдануға болады.Мәселен етті бірнеше секундқа қайнап тұрған суға салыңыз. Осылайша оның бетінде қабық пайда болады.Артынан етті кептіріп қалың жіппен орап жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.Тамаққа қолданар алдында еттің қабығын алып әдеттегідей қуырыңыз не пісіріңіз.


Етті сақтаудың басқа тәсілдері де бар:етті сірке суына м алынған матаға орау немесе қатты тұздалған суға салу.Қандай әдіст іқолдансаңыз да бірінші етті тазалап жууды ұмытпау керек.Әрине бұл тәсілдердің ешқайсысы да етті өте ұзаққа сақтауға мүмкіндік бермейді.Тауық етін сақтау үшін оны тазалап жуып сірке суына малынған матамен ораңыз.Мата кебе бастаса оны қайта сірке суына қайта сірке суына малып алыңыз.Басқа әдіс бойынша тауық етін жан жақтан тұзбен жағып желдетілетін жерге іліп қоюға болады.

Көкөністерді бірнеше ай тоңазытқышсыз ақ сақтауға болады.Ол үшін сабақтарын жоғары қаратып эмальденген кастрольге салыңыз...Үстінен суық су құйыңыз.Суды екі күнде бір ретт ауыстырып тұру керек.

Шұжықты суықта сақтай алмасаңыз оны қатты тұздалған суға бірнеше минутқа салыңыз.Шығарып бетін сүлгімен сүртіңіз.Осылай өңделген шұжықты қараңғы салқын жерде сақтаңыз.

загрузка...