МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………. 4
I. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ………...5
1.1Азаматтық қоғамдағы онтологиялық негізі ретіндегі нарық …………….13
1.2 Меншік азаматтық қоғамның онтологиялық негізі ………………………21
1.3 Азаматтық қоғамның онтологиялық негізі ретінде мемлекет, саясат және олардың өзара қатынасы ……………………………………………………….24
II. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ХАЛ-АХУАЛ …25
2.1 Беделдің билігінен билік беделіне қарай көшу …………………………... 30
2.2 Билік беделінен азаматтық қоғамға өту жолдары ………………………... 36
2.3 Азаматтық келісім бедел билігінің жаңа сапасының алғышарты ретіндегі азаматтық келісім ……………………………………………………………….40
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………...42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………...43

КІРІСПЕ

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал «азаматтық қоғам» толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам — жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:
— экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;
— адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
— заңды, демократиялық билік;
— ақпаратқа бостандық беру;
— заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;
— таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
— адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.
Азаматтық қоғамның кұрылымы — Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы — адам. Адам — қоғам кұрылымының негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе — объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай -бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: «Қоғам — адамдардың өзара еңбек жасауының одағы». — дейді. Жалпы алғанда курстық жұмыстың мақсаты осыған дейін зерттеліп келген азаматтық қоғамның құқықтық аспектілерін және онтологиялық хал-ахуалын жан-жақты қарастыру және зерттеу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады. Жұмыстың өзектілігі мынада адамдар заңсыз өмір сүре алмайды. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам тек заңның күшімен орнатылады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде- мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде- мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі- ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде- мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты- феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты- капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты- (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) — жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері- уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ- олардың қоғамдық мүдде- мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы. — Алматы: Экономика, 2001. -128б.
2. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2002. -216б.
3. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы. -А.,2005. -218 б.
4. Нәдіров М.Н., Қалыбекова Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары. -Алматы: 2006. -232б.
5. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. -Алматы: 2005. -552б.
6.ҚР Заңы: Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу Ережесі //Егемен Қазақстан. -2006. — 1 қараша. -7б.
7. Бурлаков Л. Қаржылық бақылау жұмысы жаңа деңгейге көтеруді қажетсінеді //Егемен Қазақстан. -2007. -17 қаңтар. -2 б.
8.Қасымұлы А. Қаржыға қалтықсыз есеп керек //Дидар. -2007. -17 ақпан. -2 б.
9.Коржова Н.А. Біртұтас орган ғана экономикалық мүддені қорғауға қабілетті //Егемен Қазақстан. -2006. -3 мамыр. -2б.
10.И. Қаржы тәртібін бұзушылық орын алуда. Мемлекеттік қаржылық бақылау //Дидар. -2005. -26 қараша. -3б.
11. Шокенов К. Парламенттің өкілдік функциясы туралы //Қайнар университетінің хабаршысы. -2005. -N5. -11-12 б.
Жұмыстың типі: Курстық жұмыс, 43 бет

Сатып алу

 

загрузка...